2023 жылдың 1-тоқсанында еліміздің мемлекеттің борыштық міндеттемелері 4,3%-ға өсті, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының есебінен белгілі болды. Есепке сүйенсек, Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы сомасы 26,4 трлн теңгеге жеткен (58,9 млрд доллар). 2022 жылдың аяғымен салыстырғанда мемлекеттік қарыз 1,1 трлн теңгеге немесе 4,3%-ға өсті. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 21,8% құрады. 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік борыштың құрылымы келесідей: Үкіметтің борышы – 22,7 трлн теңгені немесе мемлекеттік борыштың 86%-ы. Ұлттық Банктің борышы – 2,6 трлн теңге немесе мемлекеттік борыштың 10%-ы. Үкіметтің қарызына қызмет көрсету шығындары да өсті. 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша бұл шығындар 559,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 154,3 млрд теңгеге немесе 38,1%-ға артық.
Loading...