Ринат Зайытов Алматыдан айтыс ақындарына арнайы ғимарат беруді өтінді, деп хабарлайды Taulik.kz. Ulysmedia.kz жазуынша, депутат Алматы қаласынан Қазақстанның айтыс ақындары мен жыршы – термешілер одағының атына тұрақты мекенжайы болып бекітілетін ғимарат ашып беруді ұсынды. Ринат Зайытовтың сөзінше, 2012 жылдың 1 тамызында «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған. Қазіргі таңда, одақ мүшелігінде 250-ге тарта айтыскерлер мен жыршы, термешілер бар. Одақ құрылғаннан бері 110 халықаралық және республикалық, 100 ден астам облыстық пен аудандық айтыс өткізілген. 5 рет Республикалық жыршы-термешілер байқауын жеке кәсіпкерлердің көмегімен ұйымдастырған.
«Алайда, мұндай зор іс-шараларды жүзеге асырып отырған Одақтың әлі күнге дейін бір тұрақты ғимаратының жоқтығы өкінішті-ақ. мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да Одаққа белгісіз себептермен толық жетпейді», - дейді депутат.