logo
search
menu

ҰҚК: Мәсімовтің ісі бойынша ешқандай дерек жарияланбайды

ҰҚК: Мәсімовтің ісі бойынша ешқандай дерек жарияланбайды
15 мамыр, 2023
ҰҚК: Мәсімовтің ісі бойынша ешқандай дерек жарияланбайды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ҰҚК Мәсімовтің ісі бойынша ешқандай толық ақпарат берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. tilkespekjoq арнасының жазуынша, бойынша деректер ешқашан жарияланбайды. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Көлқобаев мәлімдеді.
    «Өздеріңіз қалай ойлайсыздар, іс "өте құпия". Құпияны ашамыз ба? Жоқ, толық ақпарат болмайды. Мемлекеттік құпияны жария етпеу туралы заң бар. Бұл іс «аса құпия» деп танылған. Егер егжей-тегжейлі мәлімет беретін болсам, тергеліп жатқан адамдардың қасына отырамын», - деді журналистерге жауап берген Көлқобаев.
    Қысқаша айтсақ, “мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды“ деп айыпталған адамның ісі енді мәңгілік құпия боп қалмақ.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы