ҰҚК-де құмар ойындарға тәуелді қызметкерлер бары анықталды

ҰҚК-де құмар ойындарға тәуелді қызметкерлер бары анықталды

ашық дереккөзі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде құмар ойындарға тәуелді қызметкерлер бар. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев айтты, деп хабарлайды taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Руслан Берденов лудомания мәселесін көтеріп, ҰҚК төрағасының орынбасарына сұрақ қойды.

«Сіз бір ғана жағдай деп айттыңыз. Өкінішке қарай, жағдай мүлдем басқаша. Марқұм жігіт (ҰҚК Академиясының курсанты – авт.) 2 күн бұрын маған аноним хат жазды. Сіздерде бұл біржолғы жағдай емес. Жоғары курстағылардың бәрі (құмар ойын – авт.) ойнайды. Сіздің әріптестеріңіз де ойнайды. Сондықтан мәселеге тек кішігірім есеп жасап қана қоймай, ауқымды жұмыс істесеңіздер дұрыс болады. Өйткені, бұл – әскери орындардағы үлкен проблема. Мен күнде әртүрлі хаттар аламын. Депутаттар бұл мәселені қолға алып, (адамдармен) жеке кездесіп жатырмыз. Сіздерде де бұл күрделі проблема», - деді Руслан Берденов.
ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев мұндай мәселе барын мойындады.
«Бәрін түсініп, біліп отырмыз. Қолдан келген істің бәрін істейміз. Проблеманы білеміз. Тиісті шешім қабылдаймыз», - деді Марат Қалқабаев.
 

Loading...