Жамбыл облысы Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың ата-анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін айтқан, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын ұялы телефонды бүлдіршінге алма беру арқылы алдап, айырбастап алған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ретінде 80 жастағы ер адам ұсталған. Ол өзінің кінәсін толық мойындаған.
Ұялы телефон тәркіленіп, ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды