Мәзір
15 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлай ма?

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлай ма?

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлай ма? Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлай ма?
ашық дереккөзі
Президент 17 мамырда өтетін туған күнін тойламайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды taulik.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
 «Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», - деп жазады Руслан Желдібай.
 

Апта талқысында: