Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

ашық дереккөзі

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз, құбылмалы болмақ, деп хабарлайды taulik.kz синоптиктер болжамына сілтеме жасап.

Найзағайлы жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, ҚР орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік, шығыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болады, – дейді синоптиктер.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 1-3 градус аяз күтіледі.
Қызылордада, Түркістан қаласы, Ақтөбе, Ұлытау, Алматы облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады, - деді синоптиктер.

Loading...