Жапонияның орта салмақтағы экс-чемпионы Риота Мурата Геннадий Головкин сыйға тартқан шапанды не істегенін айтты, деп жазады Taulik.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы қазақтың ұлттық киімін үйінде жәдігер ретінде сақтап отырғанын мәлім етті.
«Бұл отбасылық жәдігер, бокстағы ерекше естелік іспетті», – деді Мурата.
Еске салайық, Головкин сәуір айында Сайтамада өткен жекпе-жекте кәсіпқой боксшы Муратамен қолғап түйістіріп, уақытынан бұрын жеңген болатын.