Жаңаөзен мұнайшылары Тоқаевқа үндеу жолдады

Жаңаөзен мұнайшылары Тоқаевқа үндеу жолдады

ашық дереккөзі

Жаңаөзеннің жұмыссыз мұнайшылары президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Жаңаөзеннің жұмыссыз мұнайшылары 46 күннен бері заңға сай еңбек жағдайлары жасақталған, мұнайшыға лайық еңбекақы төленетін жұмыс орнын талап етудеміз. Өкінішке қарай, “Қазмұнайгаз” бен “Өзенмұнайгазға” қарасты мекемелерден ондай орын табылмай отыр. Бізге ЖШС “Бұрғылау”, “ОМС”, “МФС” секілді мекемелерден қосымша жұмыс көлемін беріп,  мәселені шешуге болар еді. Ондай да қадам жасалмады”, – делінген үндеуде.
Үндеу авторларының сөзінше, облыста жұмыс тобы құрылып, осы мәселелер екі отырыста талқыланған. Алайда құзыреті жетпеген соң Мәжіліс депутаттары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Энергетика министрлігінің өкілдерін қатыстырамыз деген келісім болыпты.
“Бұл уәде де орындалған жоқ. Мұндай мәселеге депутаттар, министрлік өкілдері белсене қатысып, тез шешуге әрекет жасауы керек еді. Халыққа жаны ашитын депутат, жауапты шенеунік көрмей отырмыз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің тапсырмаларыңыз орындалмауда. Жаңаөзен жұмыссыздары мәселесінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі көрінбейді. Кінәлілер жазалануын талап етеміз”, –дейді мұнайшылар.

Loading...