logo
search
menu

Жетісу облысында жоғалып кеткен кейуана әскери полигонның жанынан табылды

Жетісу облысында жоғалып кеткен кейуана әскери полигонның жанынан табылды
16 мамыр, 2023
Жетісу облысында жоғалып кеткен кейуана әскери полигонның жанынан табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен қарт әйел ескі әскери полигонның жанынан табылды, деп хабарлайды Taulik.kz. Polisia.kz жазуынша, Панфилов ауданында жоғалып кеткен 72 жастағы Орынбүбі Мұханова табылды. 13 мамырда үйінен шығып кеткен зейнеткерді іздеу шаралары үш күннен астам уақытқа созылған. Әлсіреген әйел өзінің туған Лесновка ауылынан 15-20 шақырым жерде ескі әскери полигонның жанынан табылды. Полицейлер қарт әйелді іздеу жұмыстарына туыстарынан бөлек еріктілерді, шекарашыларды және жергілікті халықты, барлығы 100-ге жуық адам тартты. Іздестіру тобының бірі қалың тоғай арасынан әжейдің орамалын тауып, іздеу бағытын анықтай алды. Жалғыз өзі жүрген әйелді жергілікті шопандар байқап, оның ізіне түсіп келе жатқан іздеушілерге хабарлаған. Тамақ пен сусыз ол қатты әлсіреп қалған. Медициналық көмек көрсеткеннен кейін туыстары оны үйіне алып кеткен.
     
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы