Әлеуметтік желіде кафеде бизнесмен Еркін Мұсанғалиевке шабуыл жасаған сәттің видеосы тарап кетті. Видеоны блогер Азамат Сарсенбаев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Кадрдан күдіктілердің бірінің оның мойын тұсына бірнеше рет пышақ жарақатын салғанын байқауға болады. Кәсіпкер жараланса да, терезеден секіріп қашқан. Алайда күдіктілер оны қуып жетіп, өлтірген.
Айта кетейік, Мұсанғалиевті өлтірді деген азаматтарды БҚО полициясы толық құраммен іздеп жатыр.