Тасмағамбетов Беларусьте өтетін қару-жарақ көрмесіне қатысады

Тасмағамбетов Беларусьте өтетін қару-жарақ көрмесіне қатысады

ашық дереккөзі

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов 17-20 мамырда Минск қаласына барады, деп хабарлайды taulik.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. Иманғали Тасмағамбетов "MILEX-2023" XI Халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінің ашылу салтанаты мен жұмысына қатыспақ. Іс-шара аясында ҰҚШҰ форматында бірқатар іс-шаралар өткізу көзделген. Атап айтқанда, 18 мамырда ҰҚШҰ мен оның жанындағы Іскерлік Кеңестің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның ұлттық бөлімдері басшылары мен мүшелерінің көшпелі бірлескен отырысы өтеді. 19 мамырда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының жарнама-көрме қызметі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы ұйымдастырылады. Аталған іс-шаралар барысында әскери-экономикалық дамудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау көзделеді және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс – өнеркәсіптік (әскери-өнеркәсіптік) кешендерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының кооперациялық байланыстарын нығайту, ҰҚШҰ форматында жарнама-көрме қызметі саласындағы өзара іс-қимылды жетілдіру сөз болады.

Loading...