Юрмалада жанкүйерлер Қазақстан туын жайды (ВИДЕО)
Юрмалада жанкүйерлер Қазақстан туын жайды (ВИДЕО)
16 мамыр, 2023

Мазмұны
Латвияда жанкүйерлер хоккейден Қазақстан құрамасын қолдау үшін тағы да акция ұйымдастырды. Бұл жолы Қазақстанның үлкен туы Юрмаладағы Балтық теңізінің жағалауында жайылды деп хабарлайды taulik.kz Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтемемен.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астана уақытымен сағат 23:20-да біздің ұлттық команда әлем чемпионатының үшінші матчында Швейцария командасымен ойнайды.
Матчты Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.
https://www.youtube.com/watch?v=3aFz3Wl34TA

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы