Мәзір
8 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстандықтар Мәди Ахметовті әскерге жіберуді талап етіп жатыр

Қазақстандықтар Мәди Ахметовті әскерге жіберуді талап етіп жатыр

Қазақстандықтар Мәди Ахметовті әскерге жіберуді талап етіп жатыр Қазақстандықтар Мәди Ахметовті әскерге жіберуді талап етіп жатыр
ашық дереккөзі

Қазақстандықтар ең жас мәжілісмен Мәди Ахметовтің әскерде қызмет етпегеніне наразылық білдіріп, петиция жариялады, деп жазады Taulik.kz сайты.

«ҚР Конституциясының 36-бабына сәйкес Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери қызметшілердің әскери қызметте болуының шекті жасы - қырық бес жас.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Абылайұлы Ахметов 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған, жасы 26-да, әскерге шақырылу жасы 18-ден 27-ге дейін. Бүгінгі таңда Мәди Ахметов Отан алдында өз борышын өтемеді және әскерде қызмет еткен жоқ. ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан ҚР Конституциясының 36-бабына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес Мәди Абылайұлы Ахметовті әскерге шақыруды талап етеміз», - делінген петиция мәтінінде.

Апта талқысында: