«Мектеп әкімшілігі ата-анадан ақша жинауы заңды ма?» – Білім министрлігі жауап берді

«Мектеп әкімшілігі ата-анадан ақша жинауы заңды ма?» – Білім министрлігі жауап берді

ашық дереккөзі

Білім министрлігінің Орта білім комитеті мектептерде жыл қорытындысы бойынша ақша жинау туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Комитет өкілдерінің айтуынша, мұндай әрекеттер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болмақ.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңның 22-бабының 1-тармағына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге міндетті. Осыған байланысты әрбір мемлекеттік органда, оның ішінде Білім министрлігінде сенім телефоны жұмыс істейді. Білім министрлігі жанындағы сенім телефонының нөмірі: +7 (7172) 74-24-11», - деп қосты комитет өкілдері.
Ал "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 23-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараны өткізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың өздеріне белгілі фактілері туралы хабарлай алады.

Loading...