logo
search
menu

Екі жыл ішінде бір де бір қылмыс тіркелмеген өңір анықталды

Екі жыл ішінде бір де бір қылмыс тіркелмеген өңір анықталды
17 мамыр, 2023
Екі жыл ішінде бір де бір қылмыс тіркелмеген өңір анықталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақтөбе облысының 10 ауылында екі жылдың ішінде бір де бір қылмыс тіркелмеген. Өңір әкімі Ералы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
    «Ауылда адам тұру үшін интернет керек. Интернет болмаса қазір жастар ауылда тұрмайды. Ауылда адамдар тұру үшін біліммен қамтамасыз етуіміз керек. Қазір әрбір ата-ана баласының болашағын ойлайды. Соның қамымен қалаға, басқа жерге көшіп кетуі мүмкін. Ауылда денсаулық сақтау саласының деңгейін көтеруіміз керек. Абаттандыру мәселесін де - жолы бар, жарығы бар дегендей», - деді әкім.
    Ералы Тоғжановтың айтуынша, өңірде «Қауіпсіз ауыл» атты жоба қолға алынған.
    «Арақ ішпеу, темекі шекпеу сияқты мәселелер насихатталып жатыр. Бізде қазір қылмыс жасалмайтын 10 ауыл бар. Екі жылдың ішінде мүлде қылмыс болмаған. Қылмыс жасалмаған жерде «Қауіпсіз ауыл» болатыны белгілі. Сондықтан жыл аяғына дейін 60 ауылды осы жобаға қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Енді, қолымыздан келгенше көреміз», - деді аймақ басшысы.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы