PhD қорғаған жас ғалымдар университетте неге жұмыс істемейді?

PhD қорғаған жас ғалымдар университетте неге жұмыс істемейді?

ашық дереккөзі

Қазақстанда PhD қорғаған жас ғалымдар университетке жұмыс істеуге бармайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Министр жас ғалымдардың неге ғылым саласында жұмыс істеуге бармайтынына талдау жүргізілгенін айтты.

Жастар PhD қорғай алмай кетеді немесе олар PhD дәрежесін қорғап, жоғары оқу орындарына не ғылыми зерттеу инстуттарына бармайды немесе онда 1-2 жыл жұмыс істеп, кетіп қалады. Жастар ғылымға аз келеді, - деді министр.
Саясат Нұрбек мәселені зерттегенін, аталған ғылыми дәрежені алуда шектеу барын ашық айтты.
«Біріншіден, PhD дәрежесін қорғау үшін халықаралық беделді журналдарда мақаласы жариялануы керек. Екіншіден, жас ғалым PhD қорғап, ЖОО-ға келгенде оның оқыған 4 жылы есептелмейді. Ол аға оқытушы, профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына конкурсқа тапсыра алмайды. Сондықтан олар қиналады, жалақысы да аз. Күнделікті өмірдегі мәселелер басталады. Осылайша, олар ғылымнан кетіп қалады», - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, бұл мәселе ескерілген. Сондықтан жас ғалымдарға арнайы бағдарлама әзірленіпті.
«Сондықтан 2021 жылы қабылданған заң аясында жас ғалымдарға арналған гранттарды іске қостық. Бұл – жас ғалымдарды аяғынан тұрғызатын шара. Мұнда үш жылдық бағдарламаға 500 мың теңге көлемінде айлық көзделген. Оған 2013 жылдан бастап PhD ғылыми дәрежесін қорғағандар қатыса алады. Соңғы екі жылда 3 конкурс жарияладық. Нәтижесінде 881 ғылыми жоба қатысты. Жас ғалымдар (гранттарды) ұтып алды. Мақсатымыз жыл сайын осы жоба аясында мыңға жуық грант беріп, жас ғалымдарды қолдау», - деп сөзін түйіндеді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Loading...