logo
search
menu

Шымкентте жылан көбейіп кетті

Шымкентте жылан көбейіп кетті
17 мамыр, 2023
Шымкентте жылан көбейіп кетті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Шымкентте жылан көбейіп кетті, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы жыл басынан бері тұрғындардың өтініші бойынша 17 рет жылан аулауға шыққан. Тек мамыр айында құтқарушыларға тұрғындар тарапынан 9 рет шақырту түскен.
    «Құтқару қызметінің «112» нөміріне Самал-3 шағынауданындағы Мәңгілік ел көшесінде орналасқан балабақшалардың бірінен жылан табылғаны туралы хабар түсті. Сондай-ақ Азат шағынауданы Ақбастау көшесінде де тұрғын үйден жылан табылды. Оқиға орнына 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы шығып, жыланды тауып, қауіпсіз аймаққа шығарды» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы