Мәзір
18 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Әскерден қайтқан сарбаз жансақтау бөлімінде жатыр

Әскерден қайтқан сарбаз жансақтау бөлімінде жатыр

Әскерден қайтқан сарбаз жансақтау бөлімінде жатыр Әскерден қайтқан сарбаз жансақтау бөлімінде жатыр
ашық дереккөзі
Ақтау теңіз жаяу әскері қатарында Отан алдындағы борышын өтеп, үйіне қайтып келген алматылық жігіт жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды taulik.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап. 2022 жылдың мамыр айында әскер қатарына шақырылған жас жігіт 164 сарбаздың ішінен ефрейтор шенін алған. Алайда әскерден келген күні жағдайы күрт төмендеп, жансақтау бөліміне түскен.
"Баланың температурасы көтеріліп, дірілдеп-қалтырап, ірің кетіп қалған. Жан-жағына қарай алмайды, бәрі ісіп кеткен. Бәріміз қуанып күтіп отырғанбыз. Есіктен кірді де бір жарты сағаттай достарымен әңгімелесті. Барды да сол жатқаннан жатып қалды", – деді зардап шегушінің анасы Венера Шаярова.
Сарбаздың ағасының айтуынша, даудың басы ұялы телефоннан басталған. Төрт сарбаздың байланыс құралын ұстап отырғанын взвод командирі байқап қалыпты.
"Командир телефонды алып қойған. Қайтадан сұраған, көңілін қимай, телефонды берген. Олар ұялы телефонды өз иелеріне беріп, командирге қайтармаған, әңгіме осыдан басталып тұр. Денесі көгеріп қалмасын деп, білдіртпей ұрған. Құлап бара жатқанда, тағы бір рет ұрған. "Одан кейін есімді білмеймін" дейді. Қарасақ, аяғы, тізесі көгерген, әбден тепкілеген сияқты. Бауырыма ота жасалды. Бір операциядан кейін жақсы боламыз ба десек, одан ары қиындады. Бірінші күні 5 сағат, екініші күні 3 сағат ота жасады. Енді үшінші ота жасалады. Одан кейін жағына ота жасайды", – деді зардап шегушінің ағасы.
Жәбірленуші қазір Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жатыр. Бірнеше отаны еңсерген ефрейтордың жағы сынып, әлі де жағдайы жақсара қоймаған.
"Науқас біздің ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Бірден жәрдем көрсеттік. Сол күні шұғыл ота жасалды. Бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, қазір дәрігерлердің бақылауында бет-жақ хирургиясы бөлімшесінде ем алып жатыр", – деді Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Гүлнұр Кенжебекова.

Апта талқысында: