"Көптеген блогер өздерінің ақпараттық өнімдерін, соның ішінде әртүрлі курстар, марафондар сатудан ақша табады. Бірақ мұндай табысқа салық төлеу керек пе? Әрине, кез келген басқа кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс сияқты олар да салық төлеуі керек деп есептеймін. Олар қыруар қаржы тауып жатыр. Сондықтан Қазақстан Республикасының азаматы ретінде салық төлеуі керек. Екіншіден, сол блогерлерді әлдекімдер басқа біреуді қаралау мақсатында қолдануы мүмкін. Сондықтан қаралау, жалған ақпарат, таратқандар үшін Қылмыстық кодексте блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасын да қолданған дұрыс деп ойлаймын", - дейді заңгер.