logo
search
menu

Алматыда Арбаттың бүкіл аумағына бейнекамера қойылады

Алматыда Арбаттың бүкіл аумағына бейнекамера қойылады
18 мамыр, 2023
Алматыда Арбаттың бүкіл аумағына бейнекамера қойылады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматыдағы Арбаттың бүкіл аумағына бейнекамера қойылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. ҚазАқпараттың жазуынша, Е.Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде кешкі уақытта Арбат аумағынан қатты шу естілетіні айтылды.
    «Абылай хан даңғылындағы 59-үйдің тұрғынымын. Кешке Арбат жақтан көп шу естіледі. Сол үшін біз түрлі шара қабылдауға: 102-ге хабарласуға, патруль шақыруға мәжбүрміз. Одан бөлек, мұнда мопедшілер де бас қоса бастады. Олар кешкі және түнгі уақытта жиі жиналады. Олар біздің ескертпелерді тіпті елең қылмайды», - деді қала тұрғыны.
    Ерболат Досаев Арбат аумағына қосымша бейнекамералар орнатылатынын айтты.
    «Біз Цифрландыру басқармасымен бірге Арбаттың бүкіл жаяу жүргіншілер аумағына бейнекамера орнатамыз. Аудан әкіміне, Полиция департаментіне осы ұсынысты қолдауды тапсырамын. Заңнамалық реттеудің арқасында тәртіп қолға алынатын болады», - деді Алматы әкімі.
    Ал қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков Арбат бойынша тиісті шаралар қабылданып, патрульдер көбейтілетінін мәлімдеді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы