Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
19 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Некені онлайн форматта тіркеуге болады деген қаншалықты рас?

Некені онлайн форматта тіркеуге болады деген қаншалықты рас?

Некені онлайн форматта тіркеуге болады деген қаншалықты рас?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде 1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат тарады. stopfake.kz бұл ақпаратты жоққа шығарып, некені тіркеудегі өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды taulik.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда некеге тұру рәсімі біршама өзгереді, бірақ жас жұбайлардың қатысуы маңызды. 1 шілдеден бастап жас жұбайлардың некесін АХАТ емес, ХҚКО қызметкерлері тіркейді.
«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-қа беріледі», - дейді ақпараттық портал.
Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкіметтің" хабарлауынша, жаңашылдыққа қарамастан, некеге тұру бұрынғы АХАТ ғимараттарында жүзеге асырылады, олар енді мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталады. Яғни, жас жұбайлар қалауы бойынша салтанатты түрде некеге тұра алады. Некені тіркеуге өтінішті электрондық үкімет порталында онлайн немесе бэк-офистерге жүгініп, офлайн режимде береді. Ал тікелей неке қию салтанатында жас жұбайлардың екеуі де болуға тиіс. Демек, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некеге онлайн түрде тұруға болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.