Мәзір
19 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Танымал имам жоғалып кетті

Танымал имам жоғалып кетті

Танымал имам жоғалып кетті Танымал имам жоғалып кетті
ашық дереккөзі
Алматы облысының тұрғыны Айсұлу Сайлаубекқызы имам күйеуі Нұржан Манапбаевты таппай жүр. Жолдасы 2022 жылдың қыркүйек айында шетелге кетіп, сол күйі оралмағаны Көреміз бағдарламасында жарияланған, деп хабарлайды taulik.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. Ол заңгер, тарихшы.1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ағылшын, түрік, араб тілдерін жетік меңгерген.  Бір ауданда мешітте имам болып, жамағатқа уағыз айтқан. Кейін діни басқармадағы жұмысынан босаған соң Алматыдағы түрік компаниясына кірген. Сосын Түркияға барып, ақша тауып келуге аттанған.
«Соңғы рет 6 желтоқсанда біздің уақытпен сағат 03:00-те байланысқа шықты. Үйдің құрылысы бітпей тұрды. Соған ақша керек болды. Сондықтан шетелге кеткен еді. 2022 жылдың қыркүйек айында Түркияға аттанды. Мен ол кісінің білімділігіне сендім. Барып келіңіз деп айттым», - дейді Айсұлу Сайлаубекқызы.
Ол күйеуі Түркияда аудармашы болып жұмысқа орналасқанын айтты. Алғашқы кездері күнде таң намазы уақытында хабарласып тұрыпты.
«Қазан айының соңғы жағында көңіл күйі болмай жүрді. Күйеуім сағындым деп, көп жылады. Сендерсіз қиын деп айтты. Қараша айында екі аптадай байланыста болмады. Тек қарашаның соңында хабарласты. Сол тұста Еуропаға барған. Венгрия  немесе Венаның біреуіне кеткен», - дейді әйелі.
Соңғы рет 6 желтоқсанда сөйлескен. Сол кезде күйеуінің аузы жара болғанын байқаған. Видеобайланыс кезінде бойы ұзын еуропалық азаматтың қайта-қайта жарықты өшіріп тұрғанын көрген. Бағдарлама редакциясы жоғалған адамның әуежайдағы суретіне қарап, Анкара емес, Әбу-Дәбиге ұшуы мүмкін екен деген болжамы расталған. Заңгер Мейірман Шекеев жоғалған Нұржан Манапбаев 9 қыркүйек күні Астанадан Әбу-Дәбиге ұшқанын анықтады. Бір қызығы, ол жақта екі күн ғана болған.Сосын Венгрия астанасы Будапештке өткен. Виза толтыру кезінде жұмыс бабымен деп көрсеткен.  Ол «шенген» визасын алғандықтан Еуропа одағына мүше елдердің кез келгеніне өтіп кетуі мүмкін екені айтылады. Әзірге нақты қай жерде екені анықталмай жатыр. Тек оның қайда ұшқанын отбасынан жасырып қалғаны белгілі болып тұр.

Апта талқысында: