logo
search
menu

Зейнетақы төлемдері еңбек еткен жылдар үшін қайта есептеледі

Зейнетақы төлемдері еңбек еткен жылдар үшін қайта есептеледі
19 мамыр, 2023
Зейнетақы төлемдері еңбек еткен жылдар үшін қайта есептеледі
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Зейнетақы төлемдері еңбек еткен жылдар үшін қайта есептеледі, деп хабарлайды Taulik.kz. halyq-uni.kz жазуынша, қорғаныс министрлігі «2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге жеткізуді ескере отырып, оларды қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі 212-бабының 11-тармағына сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидалары бекітілсін, –  делінген Үкімет қаулысының жобасында.
    Сонымен бірге «2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 940 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 706 қаулысының 1-тармағының 3 тармақшасының күші жойылды деп танылсын, делінген.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы