Мәзір
19 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Көркем гимнастика спартакиадасында шымкенттіктер айқын басымдықпен жеңіске жетті

Көркем гимнастика спартакиадасында шымкенттіктер айқын басымдықпен жеңіске жетті

Көркем гимнастика спартакиадасында шымкенттіктер айқын басымдықпен жеңіске жетті Көркем гимнастика спартакиадасында шымкенттіктер айқын басымдықпен жеңіске жетті
ашық дереккөзі

­Бүгін Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көркем гимнастикадан Қазақстанның VI жазғы спартакиадасы аяқталды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Бұл жолы жекелей сында еліміздің әр өңірінен келген 54 гимнаст сынға түсті. Ал топтық жаттуғуда 12 команда бақ сынады. Бұл қатарда Елжана Таниева, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова сынды халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген Ұлттық құрама өкілдері бар. Шығыршықпен өнер көрсетуде Ұлттық құрама көшбасшылары ешкімге дес берген жоқ. Бас жүлдені Елжана Таниева алса, Милана Парфилова күміс, Айбота Ертайқызы қола медальге қол жеткізді. Елжана Таниева доппен жаттығуда да чемпион атанса, Айбота Ертайқызы 2-ші, елордалық Эрика Жайлауова 3-орын алды. Ұршық пен лента жаттығуында Елжана Таниева үздік атанды. Күміс жүлде Милана Парфилованың, қола Эрика Жайлауованың еншісінде. Көпсайыста, яғни 4 құралмен өнер көрсетуде әр бағдарламада тұрақты нәтиже көрсеткен Эрика Жайлауова алтыннан алқа тақса (115,450 балл), шымкенттік Милана Парфилова (111,700 балл) мен Баян Қойбақар (102,950 балл) тұғыр биігінің қалған сатысына көтерілді. Бұл сайыста финалға іріктеліп 15 гимнаст жолдама алған. photo Ал топтар арасындағы және командалық көпсайыста бірдей нәтиже тіркелді. Екі сында да Шымкент қаласы мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдесе, одан кейінгі орынға Астана мен Алматы қаласының ұжымы жайғасты. Кеше өткен көркем гимнастар сайысының ашылуына Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары, VI жазғы спартакиаданың бас төрешісі Азамат Имашев, Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, федерацияның бас хатшысы қатысып, сөз сөйлеген.
«Бұл елдегі барлық көркем гимнаст үшін жауапты жарыс. Жуырда Португалиядағы Әлем Кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсеткен Ұлттық құрама спортшылары да осында сынға түседі. Сосын, Филиппинде өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастайды. Ал күзде жылдың басты бәсекесі - Азия ойындары бар. Сол сында гимнастарға зор сенім артамыз»- деді Азамат Имашев.
Қазақпарат жазуынша, жалпы есепте Шымкент қаласының гимнастары 7 алтын, 5 күміс пен 1 қола медаль жеңіп алып, бірінші орынға шықты. Астана қаласы (1 алтын, 3 күміс, 4 қола) күміс, Алматы қаласы (1 алтын, 1 күміс, 2 қола) қола жүлдегер атанды.

Апта талқысында: