Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
19 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Намысыма тимеңіз» : Әнші Шахизада мен Дина Төлепбергенмен не үшін жанжалдасты?

«Намысыма тимеңіз» : Әнші Шахизада мен Дина Төлепбергенмен не үшін жанжалдасты?

«Намысыма тимеңіз» : Әнші Шахизада мен Дина Төлепбергенмен не үшін жанжалдасты?
ашық дереккөзі
Жеке өмірі ел аузында жүрген әнші Шахизада "Астарлы ақиқат" бағдарламасында ешқандай шындық жоқ деп айтты. Бұл туралы Taulik.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Шахизада соңғы кездері өзі және жеке өмірі туралы желіде жел ескен алып-қашпа сөздерге нүкте қою үшін “Астарлы ақиқат” бағдарламасына келді. Алайда ол бағдарламаның шынайы екеніне күмәні барын жасырмады. “Бұл бағдарлама да шоу. Мұнда ешқандай ақиқат жоқ. Кез келген бағдарламада шоу бар”, – дейді Шахизада. Әншінің бұл сөздері бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепбергеннің шамына тиді.
“Мұнда тек ақиқат айтылып, боямасыз болмыс көрсетіледі. Сіз менің намысыма тимеңіз. 12 жыл бойы “Астарлы ақиқат” бұқпасыз, боямасыз болмысты көрсетеді. Мен сізбен келіскен жоқпын. Сұрақтарды сізге төтесінен қойып жатырмын. Халықтың қойған сұрағын сізге қоямын деп сізге ескерттім. Менің бағдарламамды ешқашан басқа шоулармен теңестірмеңіз. Ашуланған себебім, сіз өтірік айтып жатырсыз. Мен сіздің сыныңызды қабылдамаймын, сондықтан сыныңыз өзіңізде қалсын”, – деп жауап берді тележүргізуші.