logo
search
menu

Қызылордада 56 жастағы әйел бір айдан бері табылмай жатыр

Қызылордада 56 жастағы әйел бір айдан бері табылмай жатыр
20 мамыр, 2023
Қызылордада 56 жастағы әйел бір айдан бері табылмай жатыр
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қызылорда қаласында 56 жастағы азаматша бір айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. Қызылорда қаласында тұратын 56 жастағы Зағира Бердібекқызы Бәйімбетова 19 сәуірде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы тұрғынға іздеу салды. Ерекше белгілері: бойы: 155 - 160 см, толық денелі, аққұба келген, шашы сары түсті. «Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда +7 705 255 8125 телефон нөміріне немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», -деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы