Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
20 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Енді жылдамдық асыратын жүргізушілермен күрес басқаша болады

Енді жылдамдық асыратын жүргізушілермен күрес басқаша болады

Енді жылдамдық асыратын жүргізушілермен күрес басқаша болады
ашық дереккөзі
Қазақстанда видеоталдау жүйесі енгізіліп, жылдамдық асырған жүргізуші туралы мәлімет бірден полицияның планшетіне жіберіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Taulik.kz. Halyq Uni жазуынша, бүгінде еліміздегі көшелерге 100 мың видеокамера орнатылған.
Олардың әрқайсысындағы ақпаратты талдау мүмкін емес. Сондықтан видеоталдау жүйесі керек. Бүгінде ол ІІМ Жедел бақылау орталығының базасында құрылып жатыр. Ол қаншалықты нақты болған сайын, құқықтық тәртіпті бақылау соншалықты тиімді болады.
10 мониторды бақылайтын қызметкердің жұмыс тиімділігі 15 минуттан кейін 10%-ға дейін төмендейтіні дәлелденген», - деді министр елорада өткен «Жасанды интеллект және сот пен құқық қорғау жүйесіндегі үлкен деректер: шындық және уақыт талабы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда. Бағдат Мусин видеоталдау жүйесі жылдамдық асырғанды жақсы көретін жүргізушілермен күресуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жол полицияларына берілген қарапайым планшет превентивті талдау, превентивті жұмыс құралына айналуға тиіс. Жүргізуші 10 камера тұсынан сағатына 200 шақырыммен өтіп, айыппұл төлеген соң жөніне кете беретін жайттар жиі тіркеледі. Мұндай жағдайды болдырмас үшін не істеу керек? Жүргізуші 3-4 камера тұсынан өте жоғары жылдамдықпен өтсе, онда сол жерде тұрған жасақтан ақпарат бірден планшетке түсуге тиіс.
Көлік қандай көше қиылысында болғанын көрсетіп, келесі жасақ оны тоқтатуы керек. Қазір ІІМ-мен бірге мұндай әзірлемені сынақтан өткізіп жатырмыз. Ол өзін оң жағынан көрсетуде, - деді басшы.