logo
search
menu

«Пышақ және қару қолданған»: Қызылордада жанжалдасқан бірнеше адам ұсталды

«Пышақ және қару қолданған»: Қызылордада жанжалдасқан бірнеше адам ұсталды
20 мамыр, 2023
«Пышақ және қару қолданған»: Қызылордада жанжалдасқан бірнеше адам ұсталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қызылордалық полицейлер ізін суытпай бұзақылық жасаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Taulik.kz. Polisia.kz-тің хабарлауынша, 13 мамыр таңғы сағат 7 шамасында полиция басқармасына көпқабатты үй ауласында белгісіз азаматтар қару қолданып, төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, жанжалдасып, барлығы оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды. Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында ұсталды. Қалған күдіктілерді іздестіріліп жатыр. Ұсталғандар Шымкенттің және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты. Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді. ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы