logo
search
menu

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті
20 мамыр, 2023
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Сербияда Куршумлия-Баняда өткен ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Taulik.kz. ҚазАқпараттың жазуынша Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге соңғы бәсекеде белоруссиялық Александра Азарко - ресейлік Виктория Бородулинамен шеберлік байқасты. Ж.Құламбаева мен М.Кубка 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жұптық сында Жібек Құламбаева ITF додаларында биылғы маусымдағы екінші, спорттық жолында 21-інші трофейіне қол жеткізді. Қазіргі кезде ол жұптық сында әлемдік рейтингіде 198-орында тұр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Елена Рыбакина Моника Селеш пен Мария Шарапованың жетістігін қайталады. Анна Данилина Париждегі жарыстың жеңімпазы атанды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы