Түркияда президенттік сайлау нәтижесі жарияланды
Түркияда президенттік сайлау нәтижесі жарияланды
20 мамыр, 2023

Мазмұны
Түркияда президенттік сайлау нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Түркияда өткен президенттік сайлау нәтижесі бойынша Режеп Тайып Ердоған 49,24 пайыз дауыс жинаған, ал оппозиция лидері Кемаль Кылычдароғлыға сайлаушылардың 45,07 пайызы дауыс берген. 1 млн 20 мыңдай дауыс жарамсыз деп танылған.
Мемлекет басшысын таңдауға халықтың 88,92 пайызы қатысқан. Бұл елде президенттік сайлау мамырдың 14-де болды.
Кандидаттар қажетті дауыс жинамағандықтан, 28 мамыр күні Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы