logo
search
menu

Меркі ауданында демалыс аймағы өртенді

Меркі ауданында демалыс аймағы өртенді
21 мамыр, 2023
Меркі ауданында демалыс аймағы өртенді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жамбыл облысының Меркі ауданында демалыс базасында тұтанған өрт толығымен өшірілді, деп хабарлайды Taulik.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    Мәлім етілгендей, жалын 400 шаршы метр аумақты шарпыды.

    Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен (37 қызметкер және 12 техника) 21 мамыр күні, сағат 00.13-те оттың таралуы тоқтатылып, 01.25-те толығымен жойылды.

    Алғашқы бөлімшенің жеткен уақыты – сағат 22.16 (арақашықтық 14 шақырым).

    Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

    Еске салайық, Меркі ауданында, Меркі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан «Тұран» демалыс аймағында от жалындап жатқанын жазған едік. Өрт бір қабатты төрт ағаш ғимаратты (әкімшілік ғимарат, дәмхана және 2 қонақ үй) шарпыды.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы