Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
21 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Ел аумағынан өз еркімен шықпаған шетелдікке айыппұл салынды

Ел аумағынан өз еркімен шықпаған шетелдікке айыппұл салынды

Ел аумағынан өз еркімен шықпаған шетелдікке айыппұл салынды
ашық дереккөзі

Атырауда аумағынан өз еркімен шығудан жалтарған шетелдікке айыппұл салынды, деп хабарлайды Taulik.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Армения Республикасынан келген әйел еліміздің көші-қон заңдылығын бұзған.

Шетелдік әйел 2019 жылғы қарашада ел аумағына өтіп, Атырау қаласына келген. Алайда, көші-қон заңдылығында белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде елден шығып кетуден жалтарған.

«Еліміздің көші-қон туралы заңнамасын бұзған Армения Республикасының азаматшасы М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот отырысында М. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Сот қаулысымен М. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 86 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылды», -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.