logo
search
menu

Президенттің Қытайға мемлекеттік сапарынан деректі фильм көрсетіледі

Президенттің Қытайға мемлекеттік сапарынан деректі фильм көрсетіледі
21 мамыр, 2023
Президенттің Қытайға мемлекеттік сапарынан деректі фильм көрсетіледі
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жексенбі, 21 мамырда қазақстандық телеарналар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары туралы "Алтын достық" деректі фильмін көрсетеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының телерадиокешені өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысы Сиань қаласында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, оның барысында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Қытайда Қазақстан Президенті «Орталық Азия-Қытай» саммитіне де қатысты. Massaget.kz жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысын Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің "Алтын достық" атты жаңа деректі фильмінен көруге болады. Телетуынды бүгін телеарналардан көпшілік назарына ұсынылады.  
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы