"Дінмұхамедті Қазақстанға жеткізіп жерлеу үшін 15 мың доллар қажет. Қажетті соманы жинауға көмектесіңіздерші", - делінген gofund.me сайтындағы жазбада.Еске салайық, 17 мамырда Қазақстанның велоспорт федерациясы Ұлысбаевтың қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, спортшының жүрегі тоқтап қалған. Айта кетейік, спортшы өмірінің соңғы күндерін жұмысқа шақырту алғандықтан шетелде өткізген, америкалық велокомандалардың бірінде ойнамақ болған Дінмұхаммед Ұлысбаев мансабында велоспорттан 2016 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының бірнеше рет жүлдегері атанды.
АҚШ-та көз жұмған спортшының денесін елге әкелуге ақша жиналуда
АҚШ-та көз жұмған спортшының денесін елге әкелуге ақша жиналуда
22 мамыр, 2023

Мазмұны
АҚШ-та 24 жасында Лос-Анджелесте кенеттен қайтыс болған қазақстандық велошабандоз Дінмұхамед Ұлысбаевтың денесін елге әкелу үшін ақша жиналып жатыр, деп хабарлайды taulik.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы