logo
search
menu

Алматы-Өскемен жолында 7 Tesla-ны тиеп келе жатқан транспорт аударылды

Алматы-Өскемен жолында 7 Tesla-ны тиеп келе жатқан транспорт аударылды
22 мамыр, 2023
Алматы-Өскемен жолында 7 Tesla-ны тиеп келе жатқан транспорт аударылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматы-Өскемен тас жолында 7 көлікті тиеп келе жатқан транспорт аударылды деп хабарлады Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
    «21 мамыр күні Алматы-Өскемен тас жолының 143 шақырымында Scania көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты болды. Үлкен жүк тасушы транспорт 7 Tesla көлігін тасымалдап бара жатқан. Көлік апатынан жол қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. Республикалық трасса қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», – делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
    Айта кетейік, апатқа ұшыраған көлікті 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Ол Алматы қаласына қарай бағыт алып бара жатқан. Көлік апаты Арқарлы асуының маңында болған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы