Мәзір
22 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Серік Күдебаевтың Қырғызстанға қашуы: 4 адам ұсталды

Серік Күдебаевтың Қырғызстанға қашуы: 4 адам ұсталды

Серік Күдебаевтың Қырғызстанға қашуы: 4 адам ұсталды Серік Күдебаевтың Қырғызстанға қашуы: 4 адам ұсталды
ашық дереккөзі
Қырғызстанның бас әкери прокуратурасы Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың шекарадан қалай заңсыз өткенін анықтау үшін қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады Taulik.kz 24.kg-ке сілтеме жасап. Нақтылауды талап ететін ақпаратқа сәйкес, шекарадағы бақылау-өткізу пунктінде қырғызстандық шекара қызметінің әскери қызметшісі Серік Күдебаевтың қырғыз елінде жүруін заңдастырған.
Содан кейін Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Түркияға «Манас» әуежайы арқылы ұшып кеткен. Қырғызстанның әскери прокуратурасы шекараны заңсыз өту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іс бойынша 4 адам тергеліп жатыр. Олар Бішкектегі тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, олардың біреуі – әскери қызметші, қалғаны – қарапайым азаматтар, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Күдебаевтың шетелге қашып кеткені хабарланған еді. Содан кейін ҰҚҚ бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасады. 27 сәуірде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы ұсталды. Соттың үкімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Апта талқысында: