logo
search
menu

Ел банктеріне қолма-қол Ресей рублін елден шығаруға рұқсат беріледі

Ел банктеріне қолма-қол Ресей рублін елден шығаруға рұқсат беріледі
22 мамыр, 2023
Ел банктеріне қолма-қол Ресей рублін елден шығаруға рұқсат беріледі
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ел банктеріне қолма-қол Ресей рублін елден шығаруға рұқсат беріледі, деп хабарлайды Taulik.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Екінші деңгейдегі Қазақстан банктеріне елден қолма-қол ресей рублін шығаруға рұқсат берілмек.
    "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін", – делінген премьер-министр Әлихан Смайылов қаулысының жобасында.
    Ұлттық банктің түсіндіруінше, қолма-қол ақшаны әкету оларды қолма-қол ақшасыз нысанға айырбастау және шетелдік банктердегі өздерінің корреспонденттік шоттарын толықтыру үшін қажет. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатыны айтылған. Жоба "Ашық НҚА" сайтында 5 маусымға дейін талқыланады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы