logo
search
menu

Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендеді

Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендеді
22 мамыр, 2023
Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендеді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Банктер төмендеуді «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ай сайынғы лимиттердің жылдам игерілуімен байланыстырады, деп жазады Taulik.kz krisha.kz-ке сілтеме жасап. 

     

    ҚР Ұлттық Банкі банктердің тоқсан сайынғы сауалнамасында хабарлағандай, ипотекаға сұраныстың төмендеуі негізінен ірі банктерде байқалады.

    Банктер төмендеуді «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ай сайынғы лимиттердің жылдам игерілуімен байланыстырады. Сондай-ақ әр жылдың басында көрінетін маусымдық фактор әсер еткен

    Бұл ретте көптеген банктерде кредит беру шарттары қатаңдатылды. Бұл сыйақы мөлшерлемесінің жоғарылауына байланысты. Алайда, ірі банктердің бірінде кепіл талаптарының біршама төмендеуі байқалады.

    Келесі тоқсанда банктер өз өнімдерін жылжытумен байланысты ипотекаға сұраныстың артуын, сондай-ақ Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі бойынша шешімге байланысты сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауды күтеді.

    Еске сала кетейік, базалық мөлшерлеме мөлшері ипотека және несиенің басқа түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемелерге тікелей әсер етеді

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы