Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Ауа райы болжамы: жаңбыр мен найзағай
Ауа райы болжамы: жаңбыр мен найзағай
23 мамыр, 2023

Мазмұны
Қазгидромет мамандары 23 мамыр, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды taulik.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында бұршақ жауады.
Республика бойынша күшті жел, батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл соғады.
Павлодар облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы