logo
search
menu

Зеленский қазақстандық жауынгерді марапаттады

Зеленский қазақстандық жауынгерді марапаттады
8 тамыз, 2022
Зеленский қазақстандық жауынгерді марапаттады
ашық дереккөзі

Украина президентінің 25 сәуірдегі жарлығымен қазақстандық ерікті Жасұлан Дүйсембин  үшінші дәрежелі «Ерлігі үшін» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Ulysmedia.kz басылымына сілтеме жасап.

30 жастағы Жасұлан Дүйсембин Қостанай облысының тумасы. Ол Ресей әскері басып кіргелі бері Донецк облысындағы Украина Қарулы күштерінің қатарында соғысуда. 

Айта кетелік, маусым айының басында Нұр-Сұлтан қалалық ҰҚК департаменті Украинада соғысып жатқан қазақстандыққа қарсы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған болатын.

ҰҚК қазақстандықтың аты-жөнін және қай тарапта соғысып жатқанын жариялаған жоқ. Алайда, қазіргі таңда есімі елге белгілі жалғыз қазақстандық еріктінің Жасұлан Дүйсембин екені анықталды. 

user

taulik

taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы