logo
search
menu
Алматыда тауға шыққан турист жоғалып кетті
ашық дереккөзі

Алматыда тауға шыққан турист жоғалып кетті

Алматыда тауға шыққан турист жоғалып кетті
Алматыда Аустралиядан келген турист жоғалып кетті. Оны іздеуге полицейлер, төтенше жағдайлар қызметі мен еріктілер жұмылдырылды, деп хабарлайды taulik.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
21 мамыр күні турист Jake Michael Үлкен Алматы көліне серуендеу үшін Қазыбек би көшесі, 66-үйде орналасқан "727" хостелінен шыққан. Арықтау келген, қара қысқа шашты, қой көзді, сақал-мұрты бар. AMP Көрген, білгендер болса, 8 701 357 92 91 телефон нөміріне немесе полицияға хабарласса болады. Қалалық ТЖД 22 мамырдан бері іздеп жатыр. Бірақ жоғалған турист әлі табылған жоқ.