logo
search
menu

Бас мүфти спортшыларға насихат айтты

Бас мүфти спортшыларға насихат айтты
23 мамыр, 2023
Бас мүфти спортшыларға насихат айтты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына барған сапары кезінде «Тараз арена» спорт кешенінде спортшылармен кездесті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
    «Зиялы қауым ұлттың қайрағы болса, спорт майталмандары – ұлттың қайраты. Себебі спорт – қазақтың рухы. Сіздер әлемдік бәсекелерде жеңіске жетсеңіздер, бүкіл халық қуанады, қайраттанады, рухы көтеріледі. Демек сіздер спортта түрен салу арқылы тұтас елдің намысын қорғайсыздар «Ерді намыс өлтіреді» дейді бабаларымыз. Біздің қазақ намысты бәрінен биік қойған. Намысы бар адам Отанын сүйеді. Отанын сүйген адам ұлтының құндылықтарын қастерлейді. Тілін, дінін, дәстүрін, мәдениетін құрметтейді» – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
     width=
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы