Австралия азаматы із-түзсіз жоғалып кетті

Австралия азаматы із-түзсіз жоғалып кетті

ашық дереккөзі

Австралия азаматы жоғалып, жедел тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Taulik.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

- Криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен кинолог-мамандар арасынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Шетелдік азаматты іздеу бойынша барлық полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар еріктілердің ресурстары барынша пайдаланылуда. Қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес, Австралия азаматын 21 мамырда БАО аймағында көрген. Ер адам космостанциясына қарай бет алған. Аталған аумақты ескере отырып, тікұшақ бригадалары мен республикалық жедел-құтқару жасағының күштері тартылды. Бейне барлау дрондармен жүргізіліп жатыр, - деді Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Loading...