Ақтау әуежайы жабылмақ
"24, 25 мамырда сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Ақтау қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына жабылатынын хабарлаймыз. Ұшу уақыты туралы соңғы ақпараттар жолаушылардың брондау кезінде көрсетілген нөмірлереріне жіберіледі", - делінген FlyArystan мәлімдемесінде.Компания Ақтау әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шешімін қолдайтынын, сонымен бірге кеш хабарлау жолаушылардың жоспарларына әсер еткеніне өкініш білдіреді.