Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
24 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Күйеуі әйелін соққыға жығып, маңдайын тіліп тастаған

Күйеуі әйелін соққыға жығып, маңдайын тіліп тастаған

Күйеуі әйелін соққыға жығып, маңдайын тіліп тастаған
ашық дереккөзі
Астана тұрғыны әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберген, деп хабарлайды taulik.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап. Абырой болғанда, келіншек аман. Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Айнұрдың тұрмысқа шыққанына 3 ай болған. Содан бері күйеуі тыныштық бермей ұрып соғады екен. Тіпті, бүгін қолына суық қару алып шабуыл жасапты.
“3-4 рет осылай үндеген жоқпын. Потому что менің жасым 31 де 91 жылғымын мен. Ал ол 68 жылғы папам сияқты ғой. Бірінші құлақ, потом былай. Пышақпен былай ұрды”, – дейді жәбірленуші.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 102 нөмеріне зорлық зомбылық шағымымен күніне 40-50 қоңырау түседі. Былтыр бір жылда 17 мыңға жуық арыз тіркелген.