logo
search
menu

Астанада «Хан Шатыр» аумағында жарылыс болды

Астанада «Хан Шатыр» аумағында жарылыс болды
24 мамыр, 2023
Астанада «Хан Шатыр» аумағында жарылыс болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астаналықтар "Хан шатыр" сауда ойын-сауық үйі ауданында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында бірнеше жарылыс болды, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Маңайдағы үйлердің тұрғындары алғашқы жарылыс толқынын 16:28 шамасында сезген. Одан кейін тағы екі жарылыс болған. Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
    "Сағат 16:28-де Нұра ауданында Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында жаңадан салынған нысанда өрт шықты", - деп хабарлады ТЖД.
    Шақыруға 19 құтқарушы мен 4 техника шыққаны айтылды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы