Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
24 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Беларусь президенті Лукашенко денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Беларусь президенті Лукашенко денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Беларусь президенті Лукашенко денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Беларусь президенті Александр Лукашенко денсаулық сақтау саласына арналған кеңесте өзінің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды taulik.kz Халық Үніне сілтеме жасап.  Кеңесте ол елдегі денсаулық саласына қыруар ақшаның бөлінетінін, алайда ешқандай нәтиже болмай жатқанын, ал өзінің денсаулығына қатысты айтылып жатқан әңгіменің бос сөз екенін, оның ажалы әлі келмейтінін ескертті.
Жігіттер, денсаулық саласына қатысты көп проблема туындап жатыр. Егер жағдай реттелмесе, мен ешкімді аямаймын. Білесіңдер ме, ешкімді аямаймын. Ал егер біреу мені өледі деп ойласа, сабыр сақтасын. Бұл мессенджерлер мен Telegram-арналарда шыққан бос әңгеме. Мені аденовируспен ауырды дей ме? Ол қандай ауру? Оны үш күнде-ақ емдейді. Бірақ менде емделуге мүмкіндік болмады. Біресе Мәскеуге, біресе Ленинградқа бардым. Сенбілікке қатысуым керек болды. Сосын мені алаңға шақырды. Одан кейін Гомельге бардым. Жұмыстың бәрі жинақталып қалды. Сондықтан, өлейін деп тұрған мен жоқ, жігіттер. Менімен әлі ұзақ қиналасыңдар, – деді Беларусь президенті.
Еске сала кетсек, Лукашенко Мәскеудегі парадтан кейін көрінбей кеткен болатын. Ол осымен 9 мамырдан кейін көпшіліктің алдына екінші рет шықты.