Түркияда үйінді астында 3 ай жатқан адамның тірі табылғаны рас па?

Түркияда үйінді астында 3 ай жатқан адамның тірі табылғаны рас па?

ашық дереккөзі

Түркияда үйінді астында 3 ай жатқан адамның тірі табылғаны рас па, бұл туралы Taulik.kz жауап берді. Кейінгі күндері түрлі сайт пен әлеуметтік желілерде Түркия мен Сириядағы зілзаладан 3 айдан астам уақыт өткен соң, үйінді астынан тірі адамның табылғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Материалдарға сай, қираған ғимараттардың астынан қатты зардап шеккен, үрейленген тірі адамды тапқан, алайда оның қалай аман қалғаны белгісіз. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін анықтады. Желідегі адамның суреті Түркия мен Сириядағы жер сілкінііне қатысы жоқ. Google мен Yandexтің кері іздеу жүйесіндегі суреттің бұрын тарағанын, ондағы жігіттің есімі Ахмед Әл-Суси екенін анықтадық. Ол Сирияның Хан Шейхум қаласының тумасы, қазір Идлиб қаласындағы Ватан лагерінде тұрады. Ахмед Әл-Суси тері псариазымен ауырады. Немере ағасының айтуынша, оның бірнеше жыл бұрын түсірілген суреті интернет кеңістікте "зілзаладан аман қалған" адам ретінде тарап кеткен. Көптеген сайттар Akhbar. fouri инстаграм парақшасындағы ақпаратқа сілтеме берген. Парақшаны талдау арқылы оны журналист жүргізетінін әрі Иран мен әлем жаңалықтары туралы ақпарат салып отыратынын байқаймыз. Ал ол жерде жоғарыдағы Ахмет  Әл-Сусидің суреті мен бір ғана сөйлем жазылған, ешқандай дереккөз де көрсетілмеген.  Логикаға салсақ, адамның осынша уақыт бойы өмір сүргені күмән тудырмай ма? Ал алғашқы дереккөз ретінде 7-мамырда Facebook-та жарияланған пост табылған. Ол жерде Сирияның Антохия қаласында сириялық жас жігіттің зілзаладан кейін 3 ай өтсе де үйіндінің астынан табылғаны жазылған. Осыдан кейін жалған ақпарат тараса керек. Бұл ақпарат бойынша ливандық An Nahar басылымы толығырақ жазып, Ахмед Әл-Сусидың немере ағасымен сөйлескен. Немере ағасы Ибн әл-Халдың айтуынша, Әл-Суси 1984 жылы дүниеге келген, псариазбен ауырғанына 10 жыл болған және желідегі суретті өзі түсірген. Қазір ол кісінің жағдайы тұрақты, әрбір 45-күн сайын ем-домын алып тұрады. Төмендегі суретті арнайы басылымға түсіріп жіберген.  width=

Loading...