Мәзір
24 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Қаржыны қалай үнемдеу керек?»: экономист жауап берді

«Қаржыны қалай үнемдеу керек?»: экономист жауап берді

«Қаржыны қалай үнемдеу керек?»: экономист жауап берді «Қаржыны қалай үнемдеу керек?»: экономист жауап берді
ашық дереккөзі
Ақшаны қалай жинаған дұрыс? Қаржы үнемдеу жолдарын білесіз бе? Экономистер артық ақшаны қай валютада және қайда сақтауға кеңес береді, бұл туралы Taulik.kz жауап берді.  Қаржыны кез келген адам немесе отбасы үнемдей алмайды. Үнемдеу дегеніміз ол – жинау. Ал, артық қор жинау үшін бір айдағы табысың алдымен үйдегі әр адамның айлық күнкөрісіне кететін шығынды жабуы керек. Ол не шығын? Ол – сіз бен біз тұтынатын күнделікті ас-су, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен басқа да тұтынатын қызметтер. Қазақстанда бір адамның тұтынуына кететін шекті сома бар. Оның мөлшері – 40 567 теңге. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл бір адамның 1 айда күнкөрісіне қажет ақша. Экономист Сапарбай Жобаев табысты қандай жағдайда үнемдеуге болатынын парақшасында түсіндірді.
Қазақстанда тұтынудың ең төменгі шегі – 40 мың деп есептеледі. Ал, әрбір адамға есептегенде табыс жалақың төмен болса, онда сенің үнемдеуге мүмкіндігің жоқ. Мәселен, 5 мүшесі бар семьяға 200 мың жетеді. Одан жоғарғысын сен үнемдесең болады. Бұл – ең бірінші қағида. Ал, егерде біреулер 100 мың алып, семья мүшесі төрт-бесеу болатын болса, ақша үнемдеу деген нәрсені оларға айтудың қажеті жоқ. Ол адамдарға үкімет жәрдем беруі керек. Үкіметтің функциясы – сол.  
qarzhylyq_sauat телеграм арнасының жазуынша, қаржыгер қоғамда табысы жақсы болса да, оны дұрыс жеткізе алмайтындардың көптігін айтқан. «Ол – қаржылық сауаттың төмендігінен бе?» деген сауалға экономист «жұрттан қалмауым керек» дейтін арзан бәсекеқұмарлық пен той-томалақ та сіз бен біздің қалтамызға көп салмақ салады деп жауап берген.
Бір адамның бір айда тұтынатын сомасы 40 мың дедік қой, біреулер 120 мыңды да тұтынып, жеткізе алмай жүреді. Бұл дұрыс емес. Неге? Өзім қазақ болған соң айта берем, құдалық дейді, шілдехана дейді, туған күн дейді, сондайларға қолдағы қаражатын көптеп жібереді де, жақсы табыс тапса да ақшасы жетпей жүретіндер бар.
Әрине, «айфон алма», «тойға барма» деп ешкім ешкімді шектей алмайды. Бірақ, маманның ақыл-кеңесі артықтық етпесі анық. Ол әркімнің қабылдауына байланысты. Ал, енді ақшасы барлар не істеу керек? Оны да сұрап көрдік. Сарапшының айтуынша, ортаңқол халық үшін артық ауысқан ақшадан қор жинаудың ең дұрыс жолы – банктің депозитіне салу. Себебі, Ұлттық банктің бүгінгі базалық ставкасы теңгелей салымдардың табысын еселеуге жақсы мүмкіндік беріп отыр.
"Егерде ақшаң көбірек болса, мысалы, 5 млн-нан артық ақшасы бар адам оны 4-5-ке бөлу керек. Біріншісі – теңгелей. Бір-екі млн. Оның (депозиттің) пайызы үлкен. Бүгінгі күнде, мәселен, 14-15 пайыз береді. Сен содан табыс тауып тұрасың. Екінші бір бөлігін шетел валютасында салып қою керек. Оны да банкте ұстаған дұрыс болар. Ол бар болғаны бір-ақ пайыз береді. Шетел валютасы өзінің бағамы көтерілгенде ғана көтеріледі де, банктің депозиттегі пайыздық табысы жоқ."- деді қаржыгер. 
Сарапшының тағы бір кеңесі – басы артық ақшаға жылжымайтын мүлік алып қойғанның да пайдасы зор. Жер болсын, пәтер болсын, мүліктей тұрған заттың құны да өз бағасын ұстап тұрады. Тіпті, өспесе, кеми қоюы екіталай",- деді Сапарбай Жобаев.

Апта талқысында: